
2026 жылғы 8 шілдеде Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі мен
«Кітап оқитын ұлт – читающая нация» қоғамдық қоры арасында «Кітап оқитын ұлт» жобасын өңірде іске асыру жөніндегі өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Құжат кітап оқу мәдениетін дамытуға, мектеп кітапханаларының әлеуетін арттыруға және өскелең ұрпақтың оқырмандық сауаттылығын қалыптастыруға бағытталған.
Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары
Нұрғалиев Ербол Жолдасбекұлы меморандум мемлекеттік органдардың, білім беру ұйымдарының және азаматтық қоғамның күш-жігерін біріктіріп, өңірде оқу мәдениетін дамытуға және зерделі ұлт қалыптастыруға серпін беретінін атап өтті.
«Кітап оқитын ұлт – читающая нация» қоғамдық қорының атқарушы директоры Аян Сақошев жобаның қоғамның интеллектуалдық әлеуетін арттырудағы маңызын айтып, кітап оқу мәдениетін кеңінен дәріптеу білімді әрі бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеудің маңызды тетігі екенін жеткізді.
Аталған бастама Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы
16 мамырдағы «Оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығын іске асыру аясында жүзеге асырылуда.