
ШҚО ББ «ÖRKEN» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ 2026 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес, ағымдағы жылдың 19 маусымында «Ерте жастан еңбекке және кәсіпке баулу» республикалық пилоттық жобасының маңызды кезеңін қорытындылау бойынша облыстық MILESTONE іс-шарасы өткізілді.
Іс-шараның мақсаты: мектепке дейінгі ұйымдарда ерте жастан еңбекке және кәсіпке баулу бағытында жүзеге асырылған пилоттық жобаның аралық/қорытынды нәтижелерін саралау, тиімді тәжірибелерді тарату, педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру және балалардың еңбекке оң көзқарасын қалыптастыруға бағытталған инновациялық тәсілдерді насихаттау.
Шара ШҚО ББ «Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің №1 «Балапан» балабақша-бөбекжайы» КМҚК базасында ұйымдастырылып, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Балаларды ерте дамыту институты» РММ Мониторинг және талдау департамен-тінің аға сарапшысы Уткелбаева Айгерим Еркинбековна қатысты.
Жиында облыс бойынша республикалық пилоттық жобаға қатысушы 5 мектепке дейінгі ұйымдардың озат тәжірибелері насихатталып, пилоттық жоба аясында жүзеге асырылған жұмыстардың аралық нәтижелері талданып, еңбекке және кәсіпке баулудың тиімді тәжірибелері ұсынылды. Қатысушылар мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың еңбекке қызығушылығын арттыруға, шығармашылық және практикалық дағдыларын дамытуға бағытталған заманауи әдіс-тәсілдермен танысып, ашық ұйымдастырылған іс-әрекеттердің фрагменттерін көріп, шеберлік сыныптары, әдістемелік көрмелер мен пікірталас алаңдарында тәжірибелерімен бөлісті.
Іс-шара еңбек тәрбиесінің бала тұлғасын қалыптастырудағы маңызын тағы бір мәрте айқындап, отбасы мен балабақша арасындағы серіктестікті нығайтуға, сондай-ақ жобаны одан әрі жетілдіруге бағытталған ұсыныстарды талқылауға негіз болды.
Облыстық MILESTONE іс-шарасы мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында еңбекке және кәсіпке баулудың жүйелі түрде жүзеге асырылып жатқанын көрсетіп, педагогтердің кәсіби тәжірибесін тарату мен инновациялық идеяларды қолдаудың тиімділігін көрсетіп, педагогтердің кәсіби ынтымақтастығын дамытуға мүмкіндік берді.
Шара соңында пилоттық жобаны одан әрі тиімді іске асыру бойынша ұсыныстар беріліп, үздік тәжірибелерді өңір көлемінде тарату мәселелері қарастырылып, пилоттық жобаның жарты жылдық кезеңінің қорытындысы бойынша озат педагогтер марапатталды.
Жиынға облыстың 50 педагогі қатысты.