Шығыс Қазақстанда жазғы тілдік лагерьлердің жұмысы сәтті аяқталды

Шығыс Қазақстанда жазғы тілдік лагерьлердің жұмысы сәтті аяқталды

Мектеп жанындағы тілдік лагерьлердің кезекті маусымы табысты түрде қорытындыланды. Аталған лагерьлерді ұйымдастыру мен өткізу мұғалімдерден үлкен жауапкершілік пен қажырлы еңбекті талап етті. Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін тереңірек меңгеруге бағытталған лингвистикалық лагерьлерді өткізу тіл мұғалімдері мен мектеп ұжымына тиімді тәжірибе болды.

Тілдік ортада оқушылармен шығармашылық, кәсіби және эмоционалдық қарым-қатынас орнатып, ерекше әсер мен қуаныш сыйланды. Бұл оқушылардың есінде ұзақ сақталатын жарқын, әрі қызықты шаралардың біріне айналды.

Лагерь жұмысының тиімділігі оқушылардың көңіл күйінің жоғарылауынан байқалды. Балалардың интернетке тәуелділігін азайтып, тілдік және шығармашылық қабілеттерін дамытуға ықпал етті. Ұжымдық жұмыстар барысында оқушылар ынтымақтастыққа бейімделіп, өзгелердің пікірін құрметтеуге және топпен тиімді жұмыс істеуге үйренді.

Ең бастысы – балалардың тілдік лагерь бағдарламасында қарастырылған 10 модуль тақырыптары сәтті меңгерілді.