
Конкурс нысанасы:
2026-2027 оқу жылына жергілікті бюджет қаражаты есебінен жоғары білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы.
Конкурсты ұйымдастырушы:
Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы.
Конкурстық өтінімдерді қабылдау мерзімі: 2026 жылғы 15–19 маусым аралығында, сағат 08:00-ден 17:00-ге дейін.
Конкурс туралы ақпарат:
Конкурс Шығыс Қазақстан облысы әкімінің 2026 жылғы 05 маусымдағы № 46-ө өкіміне, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы №122 «Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімшелеріне мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес өткізіледі (бұдан әрі - Қағидалар).
Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру конкурсына Сот төрелігі академиясын, әскери, арнаулы оқу орындарын қоспағанда, білім беру бағдарламаларының топтары бойынша білім беру қызметімен айналысуға лицензиясы және (немесе) лицензиясына қосымшалары бар, танылған аккредиттеу органдарының тізіліміне енгізілген аккредиттеу органдарында институционалдық және (немесе) мамандандырылған аккредиттеуден өткен, жоғары оқу орнын бітірушілердің жұмысқа орналасу көрсеткіші шекті мәннен төмен емес (85%) және ШҚО әкімінің хаттамалық шешімімен бекітілген білім беру бағдарламалар тобына сәйкес жоғары оқу орындары қатысады
(1 Қосымша).
Қағидалардың 2-тарауының 1-параграфының 13-тармағына сәйкес жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру конкурсына қатысу үшін жоғары оқу орны конкурстық өтінімді электрондық форматта ұсынады және қосымшаға сәйкес нысан бойынша жоғары оқу орнының ақпараттық картасын толтырады.
Конкурстық өтінім конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген сағат пен күннен кешіктірілмей жергілікті атқарушы органға (ЖАО) жіберіледі. Өтінімдерді беру мерзімі аяқталғаннан кейін келіп түскен конкурстық өтінім кешігу себептеріне қарамастан қаралмайды. Өтінімдерді беру мерзімі аяқталғаннан кейін оларға қандай да бір өзгерістер енгізуге жол берілмейді.
ЖАО комиссиясы конкурстық өтінімдерді өтінім берілген күннен бастап 5 (бес) күнтізбелік күн ішінде қарайды және олардың конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келу дәрежесін айқындайды.
Мемлекеттік тапсырысты орналастыру жөніндегі ұсыныстардың электрондық нұсқасын vuz@edu.kz электрондық пошта мекенжайына жолдау қажет.
Байланыс телефоны: 8/7232/701 130