
1992 жылғы 4 маусымда еліміздің Мемлекеттік Туы, Елтаңбасы және Әнұранының алғашқы нұсқасы ресми түрде бекітілді. Мемлекеттік рәміздер – Тәуелсіз Қазақстанның егемендігін, ұлттық бірлігін, тарихы мен мәдениетін айшықтайтын қастерлі құндылықтар.
Көк Туымыз – бейбітшілік пен еркіндіктің, Елтаңбамыз – береке мен бірліктің, ал Әнұранымыз – елге деген сүйіспеншілік пен патриоттық рухтың символы. Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу – Отанға деген құрметтің көрінісі.
Баршаңызды Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтаймыз!