1- сыныпқа құжаттарды қабылдаудың басталуы туралы

1- сыныпқа құжаттарды қабылдаудың басталуы туралы

Ағымдағы жылдың 10 маусымынан бастап облысымызда жалпы білім беретін мектептердің 1- сыныпқа құжаттарды қабылдау басталады. Аталған қызметті ата-аналар OQU Ұлттық Білім беру платформасында электрондық цифрлық қолтаңбамен (ЭЦҚ) немесе  www.egov.kz порталы арқылы да алады. Өтініштерді 24/7 режимінде беруге болады, осылайша ата-аналар жұмыстан немесе үйден мектепке, онлайн режимде өтініш беру мүмкіндігіне ие болады.

Өтінім беру үшін сайтқа кіріп, өтінішті ата-аналар немесе басқа заңды өкілдер толтырады және сканерленген құжаттарды тіркейді.