Білім басқармасының басшысы Қ.Б. Оқасов «№49 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ барып, бірыңғай цифрлық әрі қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастыруға бағытталған «Айқын» жобасының жүзеге асырылу барысымен танысты

Білім басқармасының басшысы Қ.Б. Оқасов «№49 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ барып, бірыңғай цифрлық әрі қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастыруға бағытталған «Айқын» жобасының жүзеге асырылу барысымен танысты

2026 жылғы 29 мамырда Білім басқармасының басшысы Қ.Б. Оқасов «№49 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ барып, бірыңғай цифрлық әрі қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастыруға бағытталған «Айқын» жобасының жүзеге асырылу барысымен танысты.

Сапар барысында жобаның цифрландыру, қауіпсіздік және мектеп инфрақұрылымын басқару тиімділігін арттыру бағытындағы негізгі тетіктері таныстырылды.

«Айқын» жобасы аясында мектептің жергілікті желісі жаңғыртылып, әр оқу кабинетіне жоғары жылдамдықтағы интернет желісі жеткізілуде. Сонымен қатар, жобада кіруді бақылау және басқару жүйесін (СКУД) енгізу, бейнебақылау камераларын, дабыл түймелерін және қауіпсіздікті қамтамасыз ететін өзге де заманауи құрылғыларды орнату мен сүйемелдеу қарастырылған.

Бұдан бөлек, жоба шеңберінде қауіпсіздік деңгейін бақылауға, түрлі жағдайларды талдауға және жедел әрекет етуге мүмкіндік беретін аналитикалық жүйелер енгізілуде.

Оқушыларды әлеуметтік қолдау мәселесіне де ерекше назар аударылған. Мектепте 1–4 сынып оқушылары мен 5–11 сыныптағы әлеуметтік осал санаттағы балаларға тегін ыстық тамақты «Әлеуметтік әмиян» жобасы арқылы есепке алу жүйесі ұйымдастырылған.

«Айқын» жобасының басты мақсаты – заманауи, қауіпсіз әрі қолайлы білім беру ортасын қалыптастыру, цифрландыру деңгейін арттыру және мектеп инфрақұрылымын басқару тетіктерін жетілдіру арқылы оқушылар мен педагогтер үшін тиімді жағдай жасау.