Шығыс Қазақстан облысының Білім басқармасында Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған брифинг өтті

Шығыс Қазақстан облысының Білім басқармасында Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған брифинг өтті

Ағымдағы жылдың 29 мамырында Шығыс Қазақстан облысының Білім басқармасында Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған брифинг өтті. Іс-шара барысында балалардың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру, мектеп оқушыларының жазғы демалысы мен сауықтыруын ұйымдастыру, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың психологиялық әл-ауқатын қамтамасыз ету мәселелері қарастырылды.
Брифингке Шығыс Қазақстан облысы Білім басқармасы басшысының орынбасары – Ақылбек Алима Ақылбекқызы, «Өңірлік психологиялық қолдау орталығы» КММ директорының міндетін атқарушы – Лилия Петровна Куземко, сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысы бойынша бала құқықтарын қорғау жөніндегі өңірлік уәкіл – Аксана Александровна Каленова қатысты.
Брифинг барысында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі бекіткен тұжырымдама аясында жүзеге асырылып жатқан «Ақордаға саяхат», «Бала үні», «Балалар әлемі», «Бақытты балалық шақ үшін» республикалық акциясын атты төрт тақырыптық блокты, балалардың жазғы демалысын ұйымдастыруды, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың психологиялық әл-ауқатын қорғау мәселелерін қамтитын іс-шаралар талқыланды.
Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған іс-шаралар аясында Шығыс Қазақстан облысынан 5 оқушы Қазақстан Республикасы Президентінің резиденциясы – Ақордаға экскурсияға қатысады.
Сонымен қатар, 1 маусым күні «Бақытты балалық шақ үшін» республикалық акциясы аясында «SHYGYS BALAFEST» балалар шығармашылығы облыстық фестивалінің гала-концерті өтеді. Фестивальдің негізгі мақсаты – балалар шығармашылығын қолдау және дамыту, өнер саласындағы дарынды балаларды анықтап, оларды ынталандыру.
1 маусым күні сондай-ақ облыс әкімі халықаралық және республикалық интеллектуалдық олимпиадалардың, шығармашылық байқаулар мен спорттық жарыстардың жеңімпаздары – дарынды оқушылармен кездесу өткізеді. Іс-шараға 150 оқушы қатысады.
Жазғы каникул кезеңінде балалардың толыққанды демалысын, сауықтыруын және бос уақытын ұйымдастыруға ерекше назар аударылады. Бұл жұмыс облыстық Білім басқармасы қызметінің басым бағыттарының бірі болып қала береді.
Жазғы кезеңде өңірдегі оқушылардың 99,9%-ын сауықтырумен, демалыспен және түрлі жұмыстармен қамту жоспарлануда, оның ішінде көпбалалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан балалардың 100%-ы қамтылады.
Жазғы каникул кезеңінде облыс аумағында 12 қала сыртындағы балаларды сауықтыру орталығы, тамақтандырумен 276 мектеп жанындағы лагерь және тамақтандырусыз 226 бейіндік алаң жұмыс істейтін болады.
Балалардың жазғы демалысы мен бос уақытын ұйымдастыруға 2 454 педагог қызметкер тартылатын болады, оның ішінде 1 230 тәрбиеші мен тәлімгер, 1 224 қосымша білім беру педагогі, 250 медицина қызметкері, сондай-ақ колледждер мен жоғары оқу орындары студенттерінен құралған педагогикалық жасақтар бар.
Облыста балалардың қауіпсіз, сапалы және қолжетімді демалысы мен сауықтырылуын қамтамасыз ету бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде, ол тұрақты бақылауда.
Брифинг қорытындысы бойынша балалардың өмір сапасын одан әрі арттыруға, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ әрбір баланың құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған қосымша ұсыныстар мен шаралар әзірленетін болады.