«Арнайы және баламалы әдістер арқылы ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды инклюзивті қолдау» облыстық қайырымдылық «WORKSHOP»

«Арнайы және баламалы әдістер арқылы ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды инклюзивті қолдау» облыстық қайырымдылық «WORKSHOP»

Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Ерекше білім беруді қажет ететін балаларды психологиялық-педагогикалық даярлау және әдістемелік-технологиялық қолдау құзыреттілік орталығы» жобасы аясында 2026 жылдың 28 мамырында С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетімен бірлесе отырып онлайн форматта «Арнайы және баламалы әдістер арқылы ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды инклюзивті қолдау» тақырыбында қайырымдылық «WORKSHOP» өткізді.

Шараға облыстың орта білім беру ұйымдарының 300-ден астам педагогтері қатысты.

«WORKSHOP» инклюзивті білім беру саласындағы тәжірибе алмасу, кәсіби өзара іс-қимыл және заманауи тәсілдерді ілгерілету үшін тиімді алаңға айналды.

Түскен қаражат ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған дефектологтың кәсіби үстелін дайындауға жұмсалады, ол ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№48 мектеп-қосымша білім беру орталығы»  КММ беріледі.