ШҚО білім басқармасы «Қазақстан Республикасы колледждерінің үздік 100 студенті» байқауының өңірлік кезеңінің басталғанын хабарлайды

ШҚО білім басқармасы «Қазақстан Республикасы колледждерінің үздік 100 студенті» байқауының өңірлік кезеңінің басталғанын хабарлайды

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 7 желтоқсандағы №514 «Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық және халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми жарыстардың), орындаушылар конкурстарының, кәсіби шеберлік конкурстарының және спорттық жарыстардың тізбесін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес ШҚО білім басқармасы «Қазақстан Республикасы колледждерінің үздік 100 студенті» байқауының өңірлік кезеңінің басталғанын хабарлайды.

Өңірлік кезеңге қатысу үшін төмендегі құжаттарды ұсыну қажет:

- «Еңбекпен биікке жет» тақырыбындағы мотивациялық хат, онда қатысушы «Адал азамат», «Заң және тәртіп» бірыңғай тәрбие бағдарламасының идеологиялық құндылықтарын және «Таза Қазақстан» қозғалысының идеясын ескере отырып, таңдаған мамандығын дамыту жөніндегі идеяларын, сондай-ақ жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру жолдарын ұсынады (350 сөзден аспауы тиіс);

- Әлеуметтік желіде (қатысушының немесе жетекшінің жеке аккаунттарында не колледждің ресми парақшаларында) орналастырылатын бейнеролик, онда қатысушы өзінің таңдаған мамандығына және колледжіне деген адалдығын, кәсіби дағдыларын қолдануын, сондай-ақ өңір мен елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесін көрсетеді (2 минуттан аспауы тиіс, бейнероликке сілтеме көрсетілуі қажет);

- Таңдаған мамандығы бойынша жеке жобасының презентациясы, онда қатысушы өзін болашақ маман ретінде таныстырып, цифрлық технологияларды қолдануын және жасанды интеллект технологияларын белсенді енгізуін көрсетеді (7 слайдтан аспауы тиіс).

Әрбір ТжКБ ұйымынан байқаудың өңірлік кезеңіне I (ішкі) кезеңнің жеңімпазы атанған студенттер арасынан 3 (үш) кандидаттан артық жіберілмейді.

ТжКБ ұйымдары өңірлік кезеңге қатысуға арналған байқау құжаттарын 2026 жылғы 26 мамыр мен 26 маусым аралығында келесі электрондық мекенжайларға жолдайды: prof_vko@eduvko.kz, vrvkgk@mail.ru.

Байқаудың өңірлік кезеңінің нәтижелері 2026 жылғы 26 маусымда жарияланады.
@talap.edu.kz
#ШҚОСтуденттері
#ЖасМамандар
#ҚазақстанЖастары
#Топ100#2026