Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Е.Ж. Нұрғалиевтің төрағалығымен кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі облыстық комиссияның отырысы өтті

Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Е.Ж. Нұрғалиевтің төрағалығымен кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі облыстық комиссияның отырысы өтті

2026 жылғы 28 мамырда Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Е.Ж. Нұрғалиевтің төрағалығымен кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі облыстық комиссияның отырысы өтті.

Комиссия жұмысына құқық қорғау органдарының, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, Қоғамдық кеңес төрағасы, сондай-ақ Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты — «Amanat» партиясы фракциясының мүшесі қатысты.

Отырыс барысында жазғы демалыс кезеңінде кәмелетке толмағандардың демалысын, сауықтырылуын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру, жол-көлік жарақаттарының алдын алу, сондай-ақ колледж студенттері арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мәселелері қаралды.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті кәмелетке толмағандар арасындағы суицидтік мінез-құлыққа қатысты талдау нәтижелерін ұсынды. Тәуекел факторларын ерте анықтауға, жасөспірімдерге психологиялық қолдау көрсетуді күшейтуге, сондай-ақ білім беру ұйымдары мен отбасылардағы профилактикалық жұмысты жетілдіруге ерекше назар аударылды.

Отырыс қорытындысы бойынша мемлекеттік органдарға ведомствоаралық өзара іс-қимылдың тиімділігін арттыруға, профилактикалық шараларды күшейтуге және кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған тиісті тапсырмалар берілді.