
Шығыс Қазақстан облысының мектептерінде 2026 жылдың мамыр айында «RoboBastau» жобасын іске асыру аяқталды. Бұл жобаны Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік ақпараттандыру және білім беруді дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы «Robotek» робототехника мектебімен бірлесіп, «Казцинк» компаниясының қолдауымен ұйымдастырған болатын.
Жоба қорытындысы бойынша Robotek Grand Tournament Astana 2026 халықаралық финалында Шығыс Қазақстан облысының намысын 10 команда қорғады, олардың 3-еуі RoboBastau жобасының қатысушылары болды. Бұл – еліміздің барлық өңірлері арасындағы ең ірі өкілдік көрсеткіштердің бірі.
Шығыс Қазақстан облысы құрамасының мүшесі – Ұлан ауданының «Р. Марсеков атындағы орта мектебі» КММ робототехника үйірмесінің қатысушысы Токтамысов Мерейдің жетістігін ерекше атап өткен жөн. Чемпионат қорытындысы бойынша ол Торайгыров университет техникалық мамандығы бойынша білім алу үшін білім беру грантына ие болды.