
2026 жылғы 19-21 мамыр аралығында Шығыс Қазақстан облысында білім беру ұйымдары педагогтерінің аутистік спектр бұзылыстары бар балаларға көрсететін арнайы педагогикалық қолдау тәжірибесін зерттеу жұмыстары жүргізілді. Зерттеуге Өскемен қаласының №15 және №26 орта мектептерінің, Ұлан ауданының Р. Марсеков атындағы орта мектебі пен Глубокий ауданының Белоусовка негізгі мектебінің, сондай-ақ Өскемен қаласы және Ұлан ауданының психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттерінің педагогтері қатысты.
Зерттеу жұмыстарын Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының ғылыми қызметкерлері: Кеңес Барысгүл Ерланқызы, Торебекова Аяулым Қуанышевна жүргізді.