Мемлекет басшысы «Оқу мәдениетін дамыту және оқитын ұлт қалыптастыру шаралары туралы» Жарлыққа қол қойды

Мемлекет басшысы «Оқу мәдениетін дамыту және оқитын ұлт қалыптастыру шаралары туралы» Жарлыққа қол қойды

Қасым-Жомарт Тоқаев «Оқу мәдениетін дамыту және оқитын ұлт қалыптастыру шаралары туралы» Жарлыққа қол қойды.

Құжат адам капиталын дамытуға, қоғамның интеллектуалдық және мәдени әлеуетін нығайтуға, сондай-ақ оқу мәдениетін білім беру, тәрбие және ағартудың маңызды бөлігі ретінде насихаттауға бағытталған.

Жарлықтың негізгі мақсаттары:
* оқитын ұлт қалыптастыру;
* кітап пен әдебиетке қызығушылықты арттыру;
* балалар мен жастар арасында оқу мәдениетін дамытуға жағдай жасау;
* кітапханалар мен баспа саласын қолдау;
* шығармашыл, жасампаз әрі бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеу.