
2026 жылғы 13 мамырда ШҚО ББ «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен облыстық оқу-әдістемелік кеңес тарапынан мақұлданған авторлық материалдарды насихаттау, озық іс-тәжірибемен бөлісу және педагогтердің кәсіби дамуына жағдай жасау мақсатында онлайн форматта «Qosyl» платформасында (https://meet.qosyl.kz/meeting?room=945809145850) облыстық семинар өтті.
Семинарға ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөліміне қарасты 210 педагог онлайн форматта тәжірибе таратып, 11 ауданнан 120 мектеп педагогтері онлайн форматта «Qosyl» платформасында тыңдаушы ретінде қатысты.
Семинар жұмысы келесі 4 секция бойынша жүргізілді:
Семинар аясында педагогтер авторлық бағдарламалар негізінде инновациялық әдістерді қолдануда іс-тәжірибелерімен бөлісті.
Жиынға барлығы 330 педагог қатысып, өздерінің кәсіби шеберліктерін арттырды.
Семинар соңында қатысушылар кері байланыс беріп, мұндай әдістемелік алаңдардың ұстаздардың кәсіби біліктілігін шыңдауға, өзара тәжірибе алмасуға және білім сапасын арттыруға зор мүмкіндік беретінін атап өтті.