«Білім берудегі шахмат: бастауыш сыныптарға енгізу» атты республикалық конференция

«Білім берудегі шахмат: бастауыш сыныптарға енгізу» атты республикалық конференция

2026 жылғы 13 мамырда  Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы  «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы Қазақстан Шахмат Федерациясымен бірлесе отырып Катонқарағай ауданы С. Ластаев атындағы орта мектеп базасында «Білім берудегі шахмат: бастауыш сыныптарға  енгізу» тақырыбында республикалық  конференция өткізді.

Негізгі мақсат — мектеп бағдарламасына шахматты енгізу бойынша аралық нәтижелерді талқылау және оқушылардың:

– сыни ойлауын;

– логикалық қабілетін;

– эмоционалды интеллектін дамыту әдістерін қарастыру.

Конференцияның басты ерекшелігі — практика мен нақты тәжірибе.

Іс-шараға аудандық, қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері, мектеп директорлары, бастауыш сыныптар бойынша директордың орынбасарлары және бастауыш сынып мұғалімдері қатысты. Әсіресе бастауыш сынып мұғалімдері белсенділік танытып, өз тәжірибелерімен бөлісіп, сұрақтар қойып, шахматты оқу үдерісіне енгізу жолдарын талқылады.

Сонымен қатар:

  • педагогтерді даярлау және қайта даярлау бағдарламалары таныстырылды;
  • шахматтың STEM пәндеріне әсері ғылыми тұрғыда талқыланды.

Бұл конференция теориядан гөрі нақты практикаға бағытталған алаңға айналып, шахматты білім беру жүйесіне енгізудің тиімді жолдарын көрсетті.

Конференция қорытындысы бойынша қатысушылар өз мектептерінде «Шахмат негіздері» бағдарламасын енгізуге дайын екендіктерін білдірді.