
2026 жылғы 30 сәуірде ШҚО ББ «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен онлайн форматта «Google Meet» платформасында (https://meet.google.com/rby-cavw-rao), (https://meet.google.com/wab-ndng-vii) облыстық семинар өтті.
Мақсаты: облыстық оқу-әдістемелік кеңес тарапынан мақұлданған авторлық материалдарды насихаттау, озық іс-тәжірибемен бөлісу және педагогтердің кәсіби дамуына жағдай жасау.
Шараға Алтай, Күршім, Катонқарағай, Марқакөл, Үлкен Нарын, Ұлан, Тарбағатай, Шемонаиха және Самар аудандарының педагогтері, барлығы — 109 педагог қатысты.
Семинар соңында қатысушылар кері байланыс орнатып, ұсынылған ақпараттардың құндылығын және мұндай тәжірибе алмасу алаңдарының кәсіби өсу үшін маңыздылығын атап өтті.
Модераторлар: Кенжебаева Алма Тлеухановна, ШҚО ББ «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ педагогикалық тәжірибені жинақтау және тарату, баспа қызметі әдістемелік бөлімінің жетекшісі.
Нұрсұлтанова Нұргүл Бегайдарқызы, Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығының педагогикалық тәжірибені жинақтау және тарату, баспа қызметі әдістемелік бөлімінің әдіскері.