Педагогтердің авторлық материалдары негізінде іс-тәжірибе таратылды

Педагогтердің авторлық материалдары негізінде іс-тәжірибе таратылды

2026 жылғы 29 сәуірде ШҚО ББ «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен онлайн форматта «Google Meet» платформасында (https://meet.google.com/yxk-fwok-bdk) облыстық семинар өтті.

Мақсаты: облыстық оқу-әдістемелік кеңес тарапынан мақұлданған авторлық материалдарды насихаттау, озық іс-тәжірибемен бөлісу және педагогтердің кәсіби дамуына жағдай жасау.

Шараға Глубокое, Зайсан аудандарының, Риддер қаласының, облыстық мамандандырылған мектептердің педагогтері мен ШҚО білім басқармасына қарасты «Арнайы мектеп», «№8 арнайы мектеп-интернаты», «Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы», «Психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация», сондай-ақ Ұлан және Үлкен Нарын аудандарының психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттерінің мамандары мен тәрбиешілері, барлығы 96 педагог қатысты.

Семинар соңында қатысушылар кері байланыс орнатып, ұсынылған ақпараттардың құндылығын және мұндай тәжірибе алмасу алаңдарының кәсіби өсу үшін маңыздылығын атап өтті.

Модератор: Кенжебаева Алма Тлеухановна, ШҚО ББ «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ педагогикалық тәжірибені жинақтау және тарату, баспа қызметі әдістемелік бөлімінің жетекшісі.