
2026 жылғы 8 мамыр күні білім басқармасының басшысы Қ.Б. Оқасовтың төрағалығымен кәмелетке толмағандар арасындағы суицидтік мінез-құлықтың, буллингтің және құқықбұзушылықтың алдын алу мәселелері бойынша жұмыс кеңесі өтті.
Іс-шараға білім бөлімдерінің басшылары, білім беру ұйымдарының директорлары, Өңірлік психологиялық қолдау және көмек көрсету орталығы қатысты.
Кеңес барысында балалар мен жасөспірімдер арасындағы суицидтік мінез-құлық пен буллинг жағдайларының алдын алуға бағытталған профилактикалық жұмыстарды ұйымдастырудың өзекті мәселелері қарастырылды. Ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейтуге, қауіп факторларын уақтылы анықтауға, сондай-ақ дағдарыстық жағдайларда жедел әрекет етуге ерекше назар аударылды.
Жиналыс қатысушыларына осындай жағдайлар туындаған кезде білім бөлімдері мен білім басқармасын дереу хабардар ету қажеттігі, сондай-ақ білім беру ұйымдарында жүйелі профилактикалық жұмыстар жүргізудің маңыздылығы ерекше атап өтілді.
Кеңес қорытындысы бойынша:білім алушылар мен олардың ата-аналары арасында профилактикалық жұмыстарды күшейту; психологиялық сүйемелдеудің тиімділігін арттыру; педагогтер, психологтер және әлеуметтік қызметтердің өзара байланысын жетілдіру; балалар мен жасөспірімдер үшін қауіпсіз әрі қолайлы білім беру ортасын қамтамасыз ету бойынша ұсынымдар берілді.