«NEW GENERATION» облыстық IT фестивалі

«NEW GENERATION» облыстық IT фестивалі

«NEW GENERATION» облыстық IT фестивалі

 Қатысушылар санаты – Жалпы білім беретін мектептердің, оның ішінде арнайы (түзету) мектептерінің оқушылары (студенттері), ТжКБ ұйымдарының, жоғары оқу орындарының студенттері, барлық түрдегі және типтегі білім беру ұйымдарының педагогтері.

Өтінімдерді қабылдау мерзімі: 2026 жылғы 4 мамырға дейін.

Өткізу күні мен уақыты: 2026 жылғы 14 мамыр, сағат 9:00.

Өткізілетін орны: Өскемен қаласы, «Ертіс концерт» КМҚК, Протозанов к-сі, 43.

 Мақсаты: Оқушылардың шығармашылық белсенділігін арттыру, дарынды балаларды қолдауға қажетті жағдайлар жасау, олардың цифрлық технологиялар саласындағы құзыреттерін дамыту, дарынды жастарды ғылымға тарту мақсатында білім беру ұйымдары арасындағы өзара іс-қимылды нығайту.

Фестивальдің міндеттері:

  • Ақпараттық технологиялар саласындағы инновациялық, ғылыми-техникалық шығармашылыққа оқушыларды тарту;
  • Оқушыларды ерте кәсіби бағдарлау үдерісіне тарту;
  • Балалардың ақпараттық технологияларды меңгеруге, оларды іс жүзінде қолдану дағдыларын игеруге тең қолжетімділігін қамтамасыз ету;
  • Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану саласындағы озық педагогикалық тәжірибені тарату.