Шемонаиха колледжінде ТжКБ ұйымдары директорлар кеңесінің кезекті отырысы өтті

Шемонаиха колледжінде ТжКБ ұйымдары директорлар кеңесінің кезекті отырысы өтті

Бүгін КММ «Шемонаиха колледжі» базасында Шығыс Қазақстан облысының техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары директорлар кеңесінің кезекті отырысы өтті.
Іс-шара барысында қатысушылар колледждің материалдық-техникалық базасымен танысып, оқу шеберханалары мен оқу шаруашылығын аралады. Отырыс аясында ТжКБ жүйесін дамыту, дуальды оқытуды енгізу және жұмыс берушілермен өзара іс-қимылды нығайту мәселелері талқыланды.
Аймақтық еңбек нарығының қажеттіліктеріне сәйкес кадрлар даярлауды үйлестіруге ерекше назар аударылды. Колледж қызметі өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуын ескере отырып, білікті мамандар даярлауға бағытталғаны атап өтілді. Білім беру үдерісінде теория мен тәжірибе тиімді үйлестіріліп, заманауи шеберханалар мен оқу шаруашылығы базасында студенттер нақты өндірістік жағдайларға жақын дағдыларды меңгереді.
Әлеуметтік серіктестікті дамытуға ерекше мән берілді: өңір кәсіпорындарымен бірлесіп білім беру бағдарламалары жаңартылып, сұранысқа ие жаңа мамандықтар ашылуда. Бұл түлектердің жұмысқа орналасу деңгейін арттыруға ықпал етеді.
Отырыс қорытындысы бойынша «Сивер Плюс» ЖШС мен колледж арасында сұранысқа ие мамандар даярлауға бағытталған ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.