Ұлы Жеңіс күніне арналған «Соғыс өрті шарпыған балалық шақ» атты халықаралық конференция

Ұлы Жеңіс күніне арналған «Соғыс өрті шарпыған балалық шақ» атты халықаралық конференция

4 мамыр 2026 жылы «Кумаш Нұрғалиев атындағы Жоғары колледж» жекеменшік мекемесінің базасында Ұлы Жеңіс күніне арналған «Соғыс өрті шарпыған балалық шақ» атты халықаралық конференция өтті.

Іс-шара Ұлы Жеңіс күнін мерекелеу және «Адал азамат» бағдарламасын іске асыру аясында өткізіліп, тәуелсіздік пен патриотизм, бірлік пен ынтымақ сияқты негізгі құндылықтарды дәріптеді.

Конференцияны Шығыс Қазақстан облысының Білім басқармасы және «Кумаш Нұрғалиев атындағы Жоғары колледж» жекеменшік мекемесінің «Жас сарбаз» әскери-патриоттық клубы ұйымдастырды.

Конференцияның мақсаты – жақын шет елдер арасындағы мәдени, білім беру және ғылыми байланыстарды дамыту, сондай-ақ Ұлы Отан соғысы оқиғалары туралы тарихи жадыны сақтау арқылы бауырластық қатынастарды нығайту болды.

Іс-шара телемост форматында өтіп, 33 қатысушыны біріктірді. Конференция аясында келесі бағыттар қарастырылды:

  • «Соғыс балалары: тағдырлар мен естеліктер»;
  • «Соғыс туралы жадыны сақтаудағы отбасының рөлі»;
  • «Білім беру ортасындағы патриоттық тәрбие».

Конференция қорытындысы бойынша қатысушылар номинациялар бойынша I, II және III дәрежелі дипломдармен марапатталды.

Конференцияның өткізілуі тәжірибе алмасуға, тарихи мұраны зерделеуге және жастар арасында Жеңіс ұрпақтарының ерлігіне құрмет тәрбиелеуге арналған маңызды алаңға айналды.