«Жұлдыз болғым келеді» II Республикалық байқауының облыстық кезеңі

«Жұлдыз болғым келеді» II Республикалық байқауының облыстық кезеңі

2026 жылғы 4 мамырда «Жұлдыз болғым келеді» II Республикалық байқауының облыстық кезеңі өтті. Бұл байқау жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдардың талантты тәрбиеленушілерін біріктірді 💫

Жоба 2025 жылдан бастап қоғам қайраткері және блогер Алексей Лодочниковтың жетекшілігімен жүзеге асырылып келеді.

Байқау қорытындысы бойынша:
1 орын — «Халай» түрік биін әсерлі орындаған Отбасылық үлгідегі балалар ауылының тәрбиеленушілері
2 орын — «Камажай» нәзік қазақ биін билеген Балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушілері
3 орын — «Танцы-танцы» заманауи нөмірімен Отбасылық үлгідегі балалар ауылының би ансамблі

Жеңімпаздар мен барлық қатысушылар дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

Әрбір өнер көрсету — үлкен еңбектің және шынайы эмоциялардың нәтижесі ❤️

Алда — жаңа кезең: 1 орын иегерлері Астана қаласында өтетін республикалық байқауда облыс намысын қорғайды.

2025 жылдан бері жоба авторы әрі жетекшісі Алексей Лодочниковтың арқасында бұл байқау балаларға өз қабілеттерін көрсетіп, жаңа деңгейге көтерілуге мүмкіндік беріп келеді.