
2026 жылдың 29 сәуір күні ШҚО ББ «Өркен» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми - әдістемелік орталығы жалпы орта білім беру ұйымдарының кәсіптік бағдар беру мұғалімдеріне арналған «Жетістік навигаторы» облыстық байқауын өткізді.
Байқаудың мақсаты: кәсіптік бағдар беру мүғалімдерінің тиімді педагогикалық тәжірибелерін анықтау, қолдау және тарату арқылы білім беру ұйымдарында кәсіптік бағдар беру жұмысының сапасын арттыру.
Байқауға облыстың 13 кәсіптік бағдар беру мұғалімі қатысып, оқушылардың кәсіби дамуын қолдаудағы сәтті тәжірибелерін ұсынды. Қатысушылар кәсіптік бағдар беру саласында жоғары кәсібилік, шығармашылық, инновациялық шешімдерді көрсетті. Комиссия мүшелері қатысушы мұғалімдердің жұмыстарын бағалап, нәтижелерін қорытындылады:
- І дәрежелі диплом, Сексенова Камшат Болатбековна, Ұлан ауданы бойынша білім бөлімінің «Асубұлақ орта мектебі» КММ;
- ІІ дәрежелі диплом, Талғарбекова Ақерке Меделханқызы, Зайсан ауданы бойынша білім бөлімінің «Х. Мустафина атындагы мектеп-лицейі» КММ;
- ІІ дәрежелі диплом, Тоқтаров Сұңғат Бердібекұлы, Үлкен Нарын ауданы бойынша білім бөлімінің «Көкбастау орта мектебі» КММ;
- ІІІ дәрежелі диплом, Аслан Айым, Риддер қаласы бойынша білім бөлімінің «№5 орта мектебі» КММ;
- ІІІ дәрежелі диплом, Антипина Анастасия Вячеславовна, Глубокое ауданы бойынша білім бөлімінің «Секисовка орта мектебі-балабақша кешені» КММ.
Байқау белсенді және талантты педагогтарды біріктіріп, оларға кәсіби өсуге, тәжірибе алмасуға және жаңа жетістіктерге қол жеткізуге мүмкіндік берді.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз және барлық қатысушыларға кәсіптік бағдар беруді дамытуға қосқан үлестері мен өскелең ұрпақтың кәсіби болашағына қолдау көрсеткендері үшін алғыс айтамыз!