Ағаш отырғызу бойынша республикалық челлендж

Ағаш отырғызу бойынша республикалық челлендж

«Таза Қазақстан» тұжырымдамасы және «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында 2026 жылғы 29 сәуірде ағаш отырғызу бойынша республикалық челлендж ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – жас ұрпақтың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, табиғатқа ұқыпты қарау дағдысын дамыту және қоршаған ортаға деген жауапкершілік сезімін арттыру, сондай-ақ оны қорғауға бағытталған бастамаларды қолдау болды.

Челленджге Шығыс Қазақстан облысының барлық мектептері қатыстып, 5205 ағаш отырғызылды. Жалпы қамтылған оқушылар саны 6247-ні құрады.

Іс-шара барысында білім алушылар мектеп аумақтарын көгалдандыруға қатысып, әртүрлі ағаш көшеттерін отырғызды. Сонымен қатар, қатысушылармен табиғатты қорғау, экологиялық тәрбие және қоршаған ортаны сақтау мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Педагогтер оқушыларға ағаш отырғызудың маңызы мен жасыл желектерді күтіп-баптау ережелері туралы айтып, олардың экологиялық сауаттылығын арттыруға ықпал етті.

Челлендж тек ағаш отырғызумен шектеліп қана қоймай, оқушылардың белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыруға, командалық жұмыс дағдыларын дамытуға және туған жерге деген сүйіспеншілікті нығайтуға ықпал етті. Мұндай іс-шаралар жас ұрпақтың еңбекқорлық, жауапкершілік және табиғатқа ұқыпты қарау қасиеттерін тәрбиелеуде маңызды рөл атқарады.

Ағаш отырғызу — болашаққа жасалған игі қадам. Табиғатты қорғау — әрбір адамның ортақ міндеті.

 

#ТазаҚазақстан #Адалазамат #ЧелленджПосадкадеревьев