«Әз-Наурыз» мерекелік іс-шарасы

«Әз-Наурыз» мерекелік іс-шарасы

2026 жылы 23 сәуірде ШҚО білім басқармасы және «Өскемен жоғары политехникалық колледжі» КМҚК ұйымдастыруымен облыстық «Әз-Наурыз» іс-шарасын өткізді. Іс-шараға облыс колледждері қатысты.

Мерекеге қатысушыларды ШҚО білім басқармасы басшысының орынбасары Алима Ақылбекқызы құттықтады. Барлық іс-шаралар ұлттық салт-дәстүрді дәріптеуге бағытталған.

«Әз-Наурыз» мерекелік іс-шарасы аясында келесі іс-шаралар өткізілді:

- колледж студенттері арасында алаңда өткізілетін «Кім Ең жүйрік?» (ұлттық ойындар: қой көтеру, тоғызкұмалак, қол күресі);

- концерттік бағдарлама;

- «Наурыз-жыл басы» атты - ұлттық тағамдарының жәрмеңкесі;

- наурыз көже тарату, қонақтарды мерекелік дастарханға шақыру.

Түрлі-түсті безендірілген киіз үйлерде мереке қонақтарына бауырсақ, Наурыз - көже, палау және басқа да ұлттық тағамдар ұсынылды.

Жарыстар мен байқаулардың жеңімпаздары дипломдармен және грамоталармен марапатталды.