«Мен — кәсіпкермін» Республикалық Гранд-турнирінің облыстық кезеңі

«Мен — кәсіпкермін» Республикалық Гранд-турнирінің облыстық кезеңі

2026 жылғы 20 сәуірде мектеп оқушылары мен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері арасында «Мен — кәсіпкермін» Республикалық Гранд-турнирінің облыстық кезеңі өтті.
Іс-шара Шығыс Қазақстан облысындағы мектеп оқушылары мен колледж студенттерінің кәсіпкерлік бастамаларын анықтауға, қолдауға және дамытуға бағытталған.
Биыл турнир 9-шы рет өткізіліп, 10 бағытты қамтыды. Жыл сайын жобалар мен қатысушылар саны артып келеді. Биыл 83 өтінім беріліп, оған 13 мектеп пен 19 колледжден 128 адам қатысты. Оның ішінде 38-і — командалық жұмыстар, 45-і — жеке жобалар.
Барлық қатысушыларға қатысқаны үшін сертификаттар табысталды, ал жеңімпаздар I, II, III дәрежелі дипломдармен марапатталды.
Гранд-турнир кәсіпкерлік ойлауды дамытуға, идеялармен алмасуға және білімді, бастамашылдықты, креативті тәсілді көрсетуге арналған маңызды алаңға айналды.
Барлық қатысушыларға алдағы уақытта нәтижелі жұмыс, жарқын идеялар және жоспарланған бастамалардың сәтті жүзеге асуын тілейміз!