
2026 жылғы 21 сәуірде полиция департаменті, денсаулық сақтау басқармасы сондай-ақ білім бөлімдерінің басшылары, мектептер мен колледж директорларының қатысуымен ведомствоаралық кеңес өтті.
Кеңес барысында кәмелетке толмағандармен профилактикалық жұмысты ұйымдастыру және оларды сүйемелдеу мәселелері қаралды. Балалар мен жасөспірімдер арасында психикалық аурулардың өсуіне, оларды ерте анықтау және уақтылы көмек көрсету шараларына ерекше назар аударылды.
Қатысушылар кәмелетке толмағандардың құқықтары мен денсаулығын қорғау жүйесін нығайтуға, құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған ведомствоаралық өзара іс-қимыл мәселелерін талқылап, профилактикалық шаралардың тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар әзірледі.
Кеңес қорытындысы бойынша әрбір резонанстық жағдайды, оның ішінде суицид әрекеттері мен фактілерін, құқық бұзушылықтарды, буллинг және өзге де оқиғаларды қарау үшін ведомствоаралық жұмыс тобының тұрақты кездесулерін өткізу туралы шешім қабылданды.
Сондай-ақ, профильдік ведомстволар мен білім беру ұйымдарының басшыларына кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша шараларды күшейту тапсырылды.