«ЖАҢА МЕКТЕПКЕ – ЖАҢАШЫЛ ҰСТАЗ» жас педагогтердің байқауының республикалық кезеңі

«ЖАҢА МЕКТЕПКЕ – ЖАҢАШЫЛ ҰСТАЗ» жас педагогтердің байқауының республикалық кезеңі

Жас педагогтердің  кәсіби өсуін арттыру, шығармашылық  және инновациялық белсенділіктерін дамыту мақсатында 2026 жылғы 13 – 17 сәуір күндері «Жаңа мектепке-жаңашыл ұстаз» атты жас педагогтердің VIІІ Республикалық байқауының республикалық кезеңі Щучинск қаласында «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында өткізілді.

Байқауға еңбек өтілі 0-ден 3 жылға дейінгі жас педагогтер қатысты.

Конкурстың нәтижесі бойынша Тохтарова Лаура Сериковна ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№ 7  орта мектебі» КММ орыс тілі пәні мұғалімі «Үздік қатысушы» номинациясына ие болды.

Жас маманға алдағы уақытта да шығармашылық табыс, биік белестер мен сарқылмас шабыт тілейміз.