
ШҚО ББ «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ-нің 2026 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес, ағымдағы жылдың 14 сәуірінде мектеп жасына дейінгі балалармен «Мен зерттеушімін» республикалық танымдық-зерттеушілік конкурсының облыстық кезеңі өткізілді.
Байқау комиссиясы Ережеге сәйкес облысымыздың 11 аудан/қалаларынан келіп түскен 21 материалды зерделеп, жан-жақты талқылап, төмендегідей қорытындысын шығарды:
1-орын (ересек топ) - Қатонқарағай ауданы, Жамбыл орта мектебінің шағын орталығы;
1-орын (мектепалды топ) - Өскемен қаласы, №62 арнайы балабақшасы;
1-орын (шығармашылық топ) - Зайсан ауданы, «Еңлік» бөбекжайы.
2-орын (ересек топ) – Өскемен қаласы, №3 «Балбөбек» балабақшасы, Зайсан ауданы «Балдырған» бөбекжайы, Дарынды балаларға арналған валеологиялық мектеп-кешені;
2-орын (мектепалды топ) - Зайсан ауданы, «Ертөстік» бөбекжайы;
2-орын (шығармашылық топ) - Өскемен қаласы, №1 «Балапан» балабақшасы, Глубокое ауданы «Ақбота» бөбекжайы;.
3-орын (ересек топ) – Тарбағатай ауданы, «Жалғас» жекеменшік балабақшасы, Глубокое ауданы «Пчелка» бөбекжайы;
3-орын (мектепалды топ) - Самар ауданы, М.Дулатұлы атындағы негізгі орта мектебі;
3-орын (шығармашылық топ) - Самар ауданы, «Дәншік» балабақшасы.
Аталымдар:
«Үздік бірлескен (ата-анамен) жұмыс» - Марқакөл ауданы, Қазақстан негізгі орта мектебі;
«Жас эколог» - Дарынды балаларға арналған валеологиялық мектеп-кешені (ересек топ);
«Жаңалық жаршысы» - Үлкен Нарын ауданы, «Балбөбек» бөбекжайы (ересек топ), Риддер қаласы, «Қуаныш» бөбекжайы (мектепалды топ);
«Тапқыр зерттеушілер» - Самар ауданы,«Дәншік» балабақшасы (ересек топ), Катонқарағай ауданы, Еңбек орта мектебі (мектепалды сынып);
«Креативті жұмыс» - Глубокое ауданы, «Асыл бөпе» бөбекжайы (мектепалды топ);
«Жас зерттеушілер» - Алтай ауданы, «Салтанат» бөбекжайы (мектепалды топ).
Байқаудан 1-орын алған жұмыстар республикалық кезеңіне жолдама алды.
Жеңімпаздарды құттықтай отыра, шығармашылық табыстар тілейміз!