«Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Шығыс Қазақстан облыстық филиалының ІХ конференциясы өтті

«Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Шығыс Қазақстан облыстық филиалының ІХ конференциясы өтті

2026 жылғы 10 сәуір күні Облыс орталығында аймақ басшысы Нұрымбет Сақтағановтың қатысуымен «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Шығыс Қазақстан облыстық филиалының ІХ конференциясы өтті.
Іс-шара барысында есепті кезеңдегі атқарылған жұмыстар қорытындыланып, алдағы міндеттер айқындалды.

Облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы А. Шерубаев баяндама жасап, ұйымның есепті кезеңдегі қызметі туралы жан-жақты ақпарат берді.
Жиын барысында Шығыс Қазақстан облыстық ардагерлер кеңесінің қызметіне қатысты өзекті мәселелер қаралып, ұйым жұмысының басым бағыттары белгіленді.

Жиын қорытындысы бойынша қатысушылар ардагерлер ұйымының алдағы кезеңдегі жұмысын одан әрі жетілдіруге бағытталған ұсыныстар қабылдады.