
2026 жылғы 9 сәуірде Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы «Örken» ШҚО ББ Шемонаиха ауданы бойынша білім бөлімінің «И. М. Астафьев атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ базасында «Заманауи білім беру технологияларын қолдану - білім беру үдерісінің сапасын арттырудың маңызды компоненттерінің бірі» тақырыбында «Ауыл мектебі – сапа алаңы» жобасы аясында облыстық семинар-практикум өткізді.
Семинар-практикумнің негізгі мақсаты - білім сапасын арттыруға, оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға және ШҚО мектептер желісінде табысты тәжірибені таратуға бағытталған тиімді педагогикалық тәжірибелерді енгізу бойынша тірек мектеп мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін жетілдіру.
«И. М. Астафьев атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ тірек мектебі және оған бекітілген шағын жинақты мектептер жаратылыстану-математикалық цикл пәндері, ағылшын тілі бойынша сабақтар өткізіп, тиімді педагогикалық тәжірибелерін ұсынды.
Білім алушылардың зерттеушілік және шығармашылық қабілеттерін дамытуға ерекше назар аударылды. Оқушылар STEM бағыты бойынша жобалық жұмыстарын ұсынып, сыни ойлау, талдау және білімді тәжірибеде қолдану дағдыларын қалыптастыруға бағытталған жұмыстарын таныстырды.
Семинарға облыстың 62 педагогі қатысты.