«Skills for geeks» – 2026 облыстық IT-чемпионатының қорытындысы

«Skills for geeks» – 2026 облыстық IT-чемпионатының қорытындысы

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» аймақтық ғылыми-әдістемелік ақпараттандыру және білім беруді дамыту орталығы 2026 жылғы 8 сәуірде 5–11 сынып оқушылары арасында «Бағдарламалау» және «3D модельдеу» құзыреттері бойынша 10+ және 14+ жас санаттарында дәстүрлі «Skills for geeks» облыстық чемпионатын өткізді.

Чемпионаттың мақсаты – оқушылардың шығармашылық және зияткерлік қабілеттерін дамытуға жағдай жасау, дарынды оқушыларды анықтау, сондай-ақ оларда нақты кәсіби жағдайларда практикалық тапсырмаларды шешу дағдыларын қалыптастыру. Іріктеу кезеңдері 9–27 ақпан аралығында облыстың барлық аудандары мен қалаларында өткізілді. Оған 150 команда құрамында 680-нен астам оқушы қатысты. Іріктеу нәтижесінде финалға модельдеу, бағдарламалау және спорттық робототехника дағдылары жоғары деңгейде дамыған 18 команданың 138 оқушысы жолдама алды. Байқау жұмыстарын білім беру ұйымдарының өкілдері – тәуелсіз кәсіби сарапшылар бағалады.

Чемпионат жеңімпаздары:

«3D модельдеу» құзыреті, 10+ жас санаты:

I орын – Глубокое ауданының командасы;

II орын – Риддер қаласы командасы;

III орын – Тарбағатай ауданының командасы.

14+ жас санаты:

I орын – Глубокое ауданының командасы;

II орын – Шемонаиха ауданының командасы;

III орын – Зайсан ауданының командасы.

«Бағдарламалау» құзыреті, 10+ жас санаты:

I орын – Риддер қаласының командасы;

II орын –Өскемен қаласының командасы;

III орын – ШҚО ББ «Облыстық мамандандырылған IT мектеп-лицейі» командасы.

«Бағдарламалау» құзыреті, 14+ жас санаты:

I орын – «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» облыстық мамандандырылған лицейінің командасы;

II орын – ШҚО ББ «Облыстық мамандандырылған IT мектеп-лицейі» командасы;

III орын – Шемонаиха ауданының командасы.

Құзыреттер бойынша жалпыкомандалық есептегі жеңімпаздарды марапаттау рәсімі 2026 жылғы мамыр айында өтетін «New Generation» атты 13-ші облыстық IT-фестиваль аясында ұйымдастырылады. Жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен, кубоктармен, медальдармен және грамоталармен марапатталады, ал чемпионаттың барлық қатысушыларына сертификаттар табысталады.