Облыстық «Үздік биология пәні мұғалімі - 2026» байқауының қорытындысы

Облыстық «Үздік биология пәні мұғалімі - 2026»  байқауының қорытындысы

2026 жылғы 6 сәуір күні ШҚО ББ «Örken»  Шығыс Қазақстан өңірлік  білім беруді ақпараттандыру және дамыту әдістемелік орталығы жылдық жоспарына сәйкес «Үздік биология пәні мұғалімі - 2026»  облыстық байқауын өткізді.

Байқаудың мақсаты – биология пәні мұғалімдерінің іс-тәжірибесін насихаттау, пәнді оқытудағы әдістемесімен танысу.

Байқауға аудандық/қалалық деңгейде өткен кезеңнің 15 жеңімпаздары қатысты.

Конкурстық комиссия мүшелерінің шешімімен байқау жеңімпаздары анықталды:

         І орын - Жумагельды Райхан Жумагельдықызы, Алтай ауданы «Алтай қаласының № 9 орта мектебі» КММ;

ІІ орын - Аульбаева Динара Ермековна, Үлкен Нарын ауданы «Малонарым орта мектебі» КММ;

ІІ орын - Фаимова Гүлден Қанатқызы,    Зайсан ауданы «Ю. Гагарин атындағы орта мектебі» КММ;

ІІІ орын - Чәкенова Айгерім Бостанқызы,         Күршім ауданы «№3 Күршім гимназиясы» КММ;

ІІІ орын -    Рахимова Ардақ Мэлсовна,  Самар ауданы «Самар ауылының №1 орта мектебі» КММ;

ІІІ орын - Сагатбекова Акерке Кыдырмолдиевна, Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№ 45 орта бейіндік мектебі» КММ.

Төмендегідей аталымдар берілді:

  • Жұмағалиев Тілек Айбекұлы «Шебер педагог» номинациясы Глубокое ауданы «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы орта мектебі» КММ;
  • Советова Ұлпан Бақытқызы «Шығармашыл педагог» номинациясы Тарбағатай ауданы «Ахмет Байтұрсынов атындағы орта мектебі» КММ,
  • Ахметова Сәуле Мелискановна «Жаңашыл педагог» номинациясы Катонқарағай ауданы «Сейтқамза Ластаев атындағы орта мектебі» КММ;
  • Майтпасова Куралай Кокенаевна «Креативті педагог» номинациясы Марқакөл ауданы «Құрмаш Нұрғалиев атындағы гимназиясы» КММ.