Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдеріне арналған каникулдық мектеп аясындағы онлайн-семинар

Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдеріне арналған каникулдық мектеп аясындағы онлайн-семинар

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы 2020 жылғы 6 қарашада «Оқытушының құжаттамасы және қашықтықтан оқыту жағдайында орыс тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі мұғалімдері бірлестігінің іс-әрекетінің практикалық әдістері» облыстық онлайн-семинарын өткізді.

Семинар барысында «Шығыс» аймақтық орталығы  директорының оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары С.Т. Нұрқанова Өскемен қаласының «№10 мектеп – гимназия» КММ директорының орынбасары, ШҚО орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдері қауымдастығының төрағасы Л. А. Фоминыхты таныстырып, сондай-ақ семинарға қатысушылардың назарын «Оқитын мектеп» жобасына аударды.

Семинар барысында Өскемен қаласының «№10 мектеп-гимназиясы» КММ педагогтері төмендегі өзекті тақырыптар бойынша жұмыс тәжірибелерімен бөлісті:

«Қашықтықтан оқытуды енгізу жағдайындағы педагог құжаттамасы», Фоминых Лидия Александровна, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары, орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі, педагог-зерттеуші;

«Қашықтықтан оқытуды енгізу жағдайында маршруттық парақты әзірлеу технологиясы», Клишевич Татьяна Евгеньевна, жоғары санатты орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі;

«Падлет» тақтасы оқушылардың өзіндік шығармашылық жұмысының құралы ретінде», Вилкова Елена Леонидовна, орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі, педагог-зерттеуші;

«Google-формалар білім беру саласындағы білімді бақылау құралы ретінде», Пяк Людмила Владимировна, жоғары санатты орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі.

Семинарға қатысушыларға интерактивті жұмыс – семинардың мазмұны бойынша сауалнама ұсынылып, оның нәтижелері бойынша іс-шараның жоғары бағаланғаны байқалды.

Шараға облыстың білім беру ұйымдарының 100-ден астам педагог қызметкерлер қатысты.