
2026 жылғы 27 наурызда Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» білім беруді ақпараттандыру және дамыту өңірлік ғылыми-әдістемелік орталығының көктемгі каникул мектебінің жоспарына сәйкес «Мектепішілік бақылаудың бағыттары және оларды іске асыру тетіктері» тақырыбында жалпы білім беретін ұйымдарының директорлары мен оқу ісі жөніндегі орынбасарларына арналған практикалық семинар өткізді.
Семинардың мақсаты мектепішілік бақылаудың негізгі бағыттарын айқындау, сондай-ақ оларды тиімді іске асыру тетіктерін талдау негізінде білім беру үдерісінің сапасын арттыру болып табылады. Сонымен қатар педагогикалық қызметтің нәтижелілігін қамтамасыз ету және мектепішілік басқару жүйесін жетілдіру жолдарын негіздеуге ерекше назар аударылды.
Қатысушылар мектепішілік бақылауды ұйымдастыру тәжірибелерін ұсынып, өздерінің кәсіби қызмет нәтижелерімен бөлісті және тиімді басқарушылық шешімдерді айқындады.
Семинар қорытындысында кері байланыс жүргізіліп, қатысушылар ұсынылған материалдардың өзектілігі мен практикалық маңыздылығын атап өтті. Қойылған сұрақтарға толыққанды жауаптар беріліп, басқарушылық және педагогикалық практикада одан әрі қолдануға бағытталған әдістемелік ұсынымдар ұсынылды.