«Әдістемелік жұмыс: тәжірибе, инновациялар және перспективалар»

«Әдістемелік жұмыс: тәжірибе, инновациялар және перспективалар»

 

2026 жылғы 27 наурызда Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken»  білім беруді ақпараттандыру және дамыту өңірлік ғылыми-әдістемелік орталығы көктемгі каникул мектебінің жоспарына сәйкес «Әдістемелік жұмыс: тәжірибе, инновациялар және перспективалар» тақырыбында тәжірибе алмасу форматында практикалық семинар өткізді. Семинарға аудандық және қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері мен әдістемелік кабинет меңгерушілері қатысты.

Іс-шараның мақсаты әдістемелік жұмысты ұйымдастырудың тиімді тәжірибесін жинақтау және тарату, сондай-ақ білім беру мазмұнының жаңартылуы жағдайында оны жетілдірудің өзекті бағыттарын талқылау болды.

Семинар барысында педагогтердің кәсіби құзыреттіліктерін өңірлік әдістемелік қолдау жүйесі арқылы дамыту мәселелері қарастырылды. Ерекше назар Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің 2023 жылғы 10 тамыздағы №253 «Оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру және жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығын іске асыруға, сондай-ақ білім беру үдерісінің сапасын арттыруға бағытталған қолданыстағы бағдарламалар, жобалар  талдауға аударылды.

Семинар қорытындысы бойынша аудандық және қалалық білім бөлімдерінің әдістемелік кабинет басшыларына әдістемелік жұмыс жүйесін жетілдіруге, педагог кадрлардың кәсіби шеберлігін дамытуға және жалпы білім сапасын арттыруға бағытталған практикалық ұсынымдарды қамтитын резолюция ұсынылды.