«Оқушылардың білім сапасын арттыруда формативті бағалау әдістерін қолдану жолдары» облыстық семинар-практикум қорытындысы

«Оқушылардың білім сапасын арттыруда формативті бағалау әдістерін қолдану жолдары» облыстық семинар-практикум қорытындысы

2026 жылғы 27 наурызда ШҚО ББ «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Самар ауданы бойынша білім бөлімінің «Ж. Болғанбаев атындағы Самар орта мектеп-лицейі» КММ базасында ағылшын тілі пәні мұғалімдеріне арналған «Оқушылардың білім сапасын арттыруда формативті бағалау әдістерін қолдану жолдары» тақырыбында облыстық семинар-практикум өтті.

Семинар жұмысына Күршім мен Самар аудандарының жалпы білім беретін мектептердің ағылшын тілі пәні  мұғалімдері мен жауапты  әдіскерлер қатысты.

ШҚО ББ «Örken» өңірлік ғылыми-әдістемелік білім беруді ақпараттандыру және дамыту орталығының қоғамдық-гуманитарлық пәндер бағыты бойынша                               әдіскері Ж. С. Махмутова ағылшын тілін оқытудың өзекті тенденцияларына шолу жасап, жұмыс мазмұнымен таныстырды.

Практикалық бөлім аясында ағылшын тілі мұғалімдері:

  • Күршім ауданы «Ю. А. Гагарин атындағы №1 Күршім орта мектебі» КММ мұғалімі Жұмаканова М. К. «Ағылшын тілі сабақтарында тиімді кері байланыс жасау жолдары»;
  • Күршім ауданы «Н. Островский атындағы №4 Күршім орта мектебі» КММ мұғалімдері Хаметова А. Қ. «Ағылшын тілі сабақтарында платформаларды пайдалану арқылы формативті бағалау»;
  • Қабанбаева Г. К. «2DS әдісі арқылы оқушылардың оқылым дағдыларын дамыту»;
  • Мұхамжарова Ж. Т. «Оқушыларды бағалаудың тиімділігі: заманауи әдістер»;
  • Күршім ауданы «№3 Күршім гимназиясы» КММ мұғалімі Токпаева А. К. «Сабақты зерттеу – сыныптағы сабақты жақсартудың тиімді тәсілі»;
  • Самар ауданы «Сарыбел орта мектебі» КММ мұғалімі Бектасынова Г. Ж. «Формативті бағалау тәжірибеде: тиімді оқу нәтижелеріне арналған құралдар мен тәсілдер»;
  • Самар ауданы «Ж. Болғанбаев атындағы Самар орта мектеп-лицейі» КММ мұғалімі Раева Д. Ж «Оқу үшін бағалау: оқушылардың оқу жетістігін қолдау стратегиялары» тақырыптарында шеберлік сыныптарын өткізді.

Сабақтың әр кезеңінде жасанды интеллектіні қолдану, ағылшын тілін оқытудың заманауи құралдары және оқушыларды ынталандырудың тиімді әдістері ұсынылды.

Семинар қорытындысы бойынша талқылау жүргізіліп, кері байланыс ұйымдастырылды.