
ШҚО білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы Қазақстандық Шахмат Федерациясымен бірлесе отырып, «Білім берудегі шахмат» республикалық жобасы аясында ағымдағы жылдың 26-27 наурызда «Шахмат негіздері» вариатив курсынан сабақ беретін 2-сынып мұғалімдеріне арналған тренинг өткізді.
Семинар-тренингке «Шахмат негіздері» вариативті курсынан дәріс беретін 2-сынып мұғалімдері қатысты.
Шараның басты мақсаты — ұстаздардың зияткерлік ойын саласындағы шеберлігін шыңдап, оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін меңгерту.
Қатысушылар шахмат тактикасы мен стратегиясын тереңдетіп оқып, ойын барысындағы қиын элементтерді талдауда. Мұғалімдер 2-сынып оқушыларына шахмат әліппесін қызықты әрі қолжетімді тілмен түсіндірудің педагогикалық тәсілдерімен бөлісуде.
Тренингке қалалық, аудандық мектептерден барлығы 45 мұғалім қатысты.