Білімге қызмет етуді жалғастырып келе жатқан есім

Білімге қызмет етуді жалғастырып келе жатқан есім

2026 жылғы 19 наурызда Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының облыстық психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациясының әдістемелік залының ашылуы өтті. Аталған залға өңірдің білім беру жүйесінің дамуына зор үлес қосқан тұлға — Шаухина Динара Токсанбайқызының есімі берілді.

Динара Токсанбайқызы еңбек жолын Зырян қаласындағы №11 орта мектепте мұғалім болып бастады. Кейін мемлекеттік қызметте еңбек етіп, Өскемен қаласының білім бөлімінде мектепке дейінгі және мектеп ұйымдары секторының жетекші маманы қызметін атқарды. Одан әрі облыстық білім басқармасында жұмыс істеп, қамқоршылық, қорғаншылық және арнайы білім беру бөлімінің бас маманнан бөлім басшысына дейінгі қызмет жолынан өтті.

2020 жылғы қарашадан 2025 жылғы наурызға дейін Динара Токсанбайқызы облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарды.

Оның басшылығымен Өскемен, Семей, Риддер қалаларында және облыс аудандарында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған жаңа арнайы білім беру ұйымдары ашылды.

Шаухина Д.Т. атындағы әдістемелік зал педагогика мен өскелең ұрпақты тәрбиелеу ісіне өмірін арнаған жас мамандар үшін кәсіби диалог алаңына айналады.

Динара Токсанбайқызының жарқын бейнесі туған-туыстарының, достарының, әріптестері мен шәкірттерінің жүрегінде мәңгі сақталады. Оның өмір жолы — мамандыққа адалдықтың, борышқа беріктіктің және адамға деген шынайы сүйіспеншіліктің жарқын үлгісі.