
2020 жылдың 5 қарашасында ШҚО білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы демалыс кезіндегі жұмыс жоспарына сәйкес қалалық, аудандық білім бөлімдерінің әдіскерлеріне, директорлардың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына, сынып жетекшілеріне «Назарбаев Зияткерлік мектептерінің тәрбие ісіндегі негізгі ерекшеліктері» тақырыбында облыстық онлайн семинар-практикум өткізді.
Іс-шараның мақсаты - Назарбаев Зияткерлік мектептеріндегі жобаларды іске асыру, жаңашыл тәжірибелерді жинақтау және тарату.
Семинар-практикумда «Өскемен қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің» директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Мухтарханова Гульшат Токтасыновна, мектептің педагог-ұйымдастырушы-кураторлары: Нетбаева Жанна Кайдаровна, Каримова Арайлым Кайратовна, Береке Камшат және Нұрбекова Назира Сайлаубековна өз іс тәжірибелерімен бөлісті.
Шараға облыстың білім беру ұйымдарының 100-ден астам педагог қызметкерлер қатысты.