
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2026 жылғы 13 наурызда Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының Глубокое ауданы бойынша білім беру бөлімінің «Оралхан Бөкей атындағы қазақ орта мектебі» КММ базасында мектеп басшыларына арналған «Өңірлік көшбасшы мектеп: заманауи басқару мен жоғары нәтижелер тәжірибесі» атты семинар өтті.
Семинарға Шығыс Қазақстан облысы бойынша 42 мектеп басшылары қатысты. Аталған білім ордасы «Орта білім беретін үздік ұйым-2025» байқауының жеңімпазы, мектеп басқару жүйесіндегі тиімді тәжірибелерді таныстыру,білім беру сапасын арттыруға бағытталған заманауи тәсілдерді талқылау және білім беру ұйымдары басшылары арасында озық тәжірибе бөлісу алаңын ұсынды.
Семинардың пленарлық бөлімінде республикалық мектеп басшылары кадрлық резерв түлегі, мектеп директоры Бутабаев Айбат Ахметуалиевич «Нәтижеге бағытталған мектеп менеджменті: тәжірибе және трансформация» тақырыбында өз іс-тәжірибесімен бөлісті.
Іс-шара барысында қатысушылар оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру, педагогтердің кәсіби дамуын қолдау, инновациялық білім беру технологияларын енгізу бағытындағы жұмыстармен танысты. Сонымен қатар семинар аясында ашық сабақтар, шебер сыныптар және пікір алмасу алаңдары ұйымдастырылып, мектептің үздік тәжірибелері ұсынылды.
Бұл семинар білім беру ұйымдары басшылары үшін тәжірибе алмасудың маңызды алаңы болып, өңірдегі білім беру сапасын, кәсіби құзыреттілігін арттыруға өз үлесін қосты деп қорытындылады семинарға қатысушы мектеп басшылары.