7-СЫНЫПҚА ҚАБЫЛДАУ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

7-СЫНЫПҚА ҚАБЫЛДАУ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

Алматы қаласында орналасқан Абай атындағы ұлттық мектебіне 7-сыныпқа құжаттар қабылдануда. Қабылдау онлайн форматта, www.qabyldau.daryn.kz сайты арқылы жүзеге асырылады.
Жалпы квота саны: 125

Келесі категориялар бойынша арнайы квоталар қарастырылған:

▪️ “Мың бала” ауыл мектептерінің ұлттық зияткерлік олимпиада жеңімпаздары үшін — қабылданатын білім алушылардың 10%;

▪️ Қазақстан Республикасы Үлгілік қағидаларына сәйкес халықтың әлеуметтік осал топтары санатындағы білім алушылар үшін — қабылданатын білім алушылардың 15%;

▪️ Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласының білім алушылары үшін — қабылданатын жалпы оқушылар санының 5% мөлшерінде квота қарастырылған.

Тапсыратын пәндер бойынша ақпарат қосымша хабарланады!
Барлық үміткерлерге сәттілік тілейміз