
ШҚО ББ «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ 2026 жылдың 12-13 наурыз күндері «ЖАҢА МЕКТЕПКЕ – ЖАҢАШЫЛ ҰСТАЗ» жас педагогтердің VIII республикалық байқауының облыстық кезеңінің өтетінін хабарлайды.
Мақсаты – жас педагогтердің мәртебесін және шығармашылығын арттыру, инновациялық белсенділіктерін дамыту, кәсіби шеберліктерін жетілдіруіне жағдай жасау.
Қатысушылар: жалпы орта білім беретін мектептердің еңбек өтілі 0-3 жыл аралығындағы аудандық/қалалық кезең жеңімпаздары.
Байқау: 3 турдан тұрады:
І. «Шығармашылық жолдың бастамасы».
ІІ. «Заманауи сабақ».
ІІІ. «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын жүзеге асырудағы педагогикалық тәжірбие.
Өткізу уақыты: 12-13 наурыз 2026 жыл.
Өтетін орны: ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№ 15 орта мектебі» КММ (Севастопольская 6),
Жауапты: Ж. С. Махмутова (87759279784)