«Жасанды интеллект – болашақ бүгінде» облыстық семинар-практикумы

«Жасанды интеллект – болашақ бүгінде»  облыстық семинар-практикумы

2026 жылғы 5 наурызда Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы «Örken» Алтай ауданы, Алтай қаласындағы КММ «№ 9 орта мектебі» КММ базасында «Жасанды интеллект — бүгінгі болашақ» тақырыбында облыстық семинар-практикум өткізді.

Семинар-практикумның негізгі мақсаты – білім беру үдерісінде жасанды интеллект пен цифрлық технологиялардың мүмкіндіктерімен таныстыру, оларды жаратылыстану-ғылыми цикл пәндерінде тиімді қолдану жолдарын көрсету және педагогтердің цифрлық құзыреттілігін арттыру.

«Алтай қаласының № 9 орта мектебі» КММ тірек мектебі және оған бекітілген шағын жинақты мектептер жаратылыстану-математикалық цикл пәндері, ағылшын тілі және география бойынша онлайн-сабақтар өткізіп, тиімді педагогикалық тәжірибелерін ұсынды.

Семинар аясында тірек және шағын жинақты мектептердің мұғалімдері Lesson Study әдістемесі бойынша шеберлік сыныптарын ұйымдастырып, сабақтарды бірлесіп жоспарлау, өткізу және талдау бойынша практикалық тәсілдерді көрсетті.

Білім алушылардың зерттеушілік және шығармашылық қабілеттерін дамытуға ерекше назар аударылды. Оқушылар STEM бағыты бойынша жобалық жұмыстарын ұсынып, сыни ойлау, талдау және білімді тәжірибеде қолдану дағдыларын қалыптастыруға бағытталған жұмыстарын таныстырды.

Іс-шара қорытындысы бойынша кері байланыс ұйымдастырылып, ауыл мектептерін одан әрі дамытуға қатысты нақты ұсыныстар мен қорытындылар жасалды. Семинар-практикум нәтижелері өңірдің ауыл мектептерінде білім сапасын арттыруға бағытталған «Ауыл мектебі – сапа алаңы» республикалық жобасын Шығыс Қазақстан облысы аумағында жүйелі жүзеге асыруға негіз болады.