Бүгін Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Нұрғалиев Ербол Жолдаспекұлы Жоғары политехникалық колледжінде оқу орнының педагогикалық ұжымымен және студент жастармен кездесу өткізді

Бүгін Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Нұрғалиев Ербол Жолдаспекұлы Жоғары политехникалық колледжінде оқу орнының педагогикалық ұжымымен және студент жастармен кездесу өткізді
Бүгін Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Нұрғалиев Ербол Жолдаспекұлы Жоғары политехникалық колледжінде оқу орнының педагогикалық ұжымымен және студент жастармен кездесу өткізді.

Іс-шара барысында 15 наурызда өтетін республикалық референдум мәселесі жан-жақты талқыланды. Облыс әкімінің орынбасары алдағы саяси науқанның ел дамуы үшін маңыздылығына тоқталып, азаматтардың конституциялық құқықтарын іске асырудағы жауапкершілігін атап өтті.

Кездесу аясында жастардың қоғамдық-саяси өмірге белсенді қатысуы, құқықтық мәдениетті қалыптастыру және саналы азаматтық ұстанымның рөлі жөнінде пікір алмасу өтті. Қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға тиісті жауаптар берілді.

Шара мазмұнды әрі іскерлік жағдайда ұйымдастырылды.