«Аттестация: талаптан нәтижеге дейін» семинары

«Аттестация: талаптан нәтижеге дейін» семинары

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2026 жылғы 27 ақпанда Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№15 орта мектебі» КММ базасында педагогтерді Қазақстан Республикасындағы қолданыстағы біліктілік санаттары жүйесіне сәйкес аттестаттауға дайындаудың практикалық дағдыларын қалыптастыруға бағытталған «Аттестация: талаптан нәтижеге дейін» атты семинар өткізілді.

Семинардың мақсаты - педагогтерге әдістемелік қолдау көрсету, аттестаттау рәсіміне қойылатын талаптарды жүйелеу және біліктілік санатын растау мен арттыруға дайындалудың тиімді алгоритмін құруға көмектесу.

Семинардың теориялық бөлімінде ҚР педагог қызметкерлерін аттестаттаудың нормативтік-құқықтық базасы, біліктілік санаттарына қойылатын талаптар, кәсіби қызметті бағалау критерийлері түсіндіріліп, аттестаттау материалдарын дайындау барысында жиі жіберілетін қателіктерге назар аударылды.

Практикалық бөлім алынған білімді бекітуге бағытталды. Педагогтер портфолио үлгілерімен жұмыс жасап, бағалау критерийлерін талдап, құжаттарды дұрыс рәсімдеуді және кәсіби қызмет нәтижелерін белгіленген талаптарға сәйкес ұсынуды үйренді. Қатысушылар өз сұрақтарын қойып, жеке жағдайларды талқылауға мүмкіндік алды.

Семинар сындарлы, әрі іскерлік жағдайда өтті. Педагогтер ұсынылған ақпараттың өзектілігін және берілген ұсынымдардың практикалық маңыздылығын атап өтті. Семинар қорытындысында бөлім жетекшісі Кенжебаева А.Т. мұндай іс-шараларды өткізу педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыруға және аттестаттау рәсімінің сәтті өтуіне ықпал ететінін атап өтті.