
2026 жылғы 27 ақпанда Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№ 10 мектеп-гимназия» КММ базасында «Француз және неміс тілдерін оқытудың заманауи тәсілдері: инновациялық әдістер мен технологиялар» тақырыбында француз және неміс тілі мұғалімдеріне арналған облыстық семинар-практикум өтті.
Семинар жұмысына жоғары оқу орындарының оқытушылары, әдіскерлер және жалпы білім беретін мектептердің мұғалімдері қатысты.
ШҚО ББ «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығының қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндердің әдістемелік бөлімінің жетекшісі А. Ж. Билялова шетел тілдерін оқытудың өзекті үрдістеріне шолу жасады.
Практикалық бөлім аясында «№ 10 мектеп-гимназия» КММ-нің неміс тілі пәні мұғалімдері Е. Б. Урюмцева,, К. Е. Тоқтажанов., Н. А. Дуброва., К. А. Деш шеберлік сабақтарын өткізді.
Француз тілін оқыту тәжірибесіменн «№ 10 мектеп-гимназия» КММ-нің француз тілі пәні мұғалімі А. И. Акулов және «Дарынды балаларға арналған валеологиялық мамандандырылған мектеп-кешені» КММ француз тілі мұғалімі В. Е. Малышева таныстырды.
Әдістемелік тренингтерді ҚАСУ Лингвистикалық орталығының директоры, шет тілдері кафедрасының аға оқытушысы Е. В. Шихотова жүргізді.
Қатысушылар цифрлық білім беру құралдарын, оқытудың инновациялық технологияларын және сабақ ұйымдастырудың заманауи формаларын көрсетті.
Сабақтың әр кезеңінде жасанды интеллектті қолдану мәселелеріне, француз тілін оқытудың заманауи құралдарына және неміс тілі сабақтарында оқушыларды ынталандырудың тиімді әдістеріне ерекше назар аударылды.
Семинардың қорытындысы бойынша талқылау жүргізіліп, кері байланыс ұйымдастырылды, қатысушыларға сертификаттар, спикерлерге алғыс хаттар берілді.