Жасанды интеллектіні қолдану арқылы өткен сабақтардың әдістемелік галереясының қорытындылары

Жасанды интеллектіні қолдану арқылы өткен сабақтардың әдістемелік галереясының қорытындылары

Шығыс Қазақстан облысының жалпы орта білім беру жүйесінде жасанды интеллектіні дамыту және қолдану жөніндегі 2025–2028 жылдарға арналған Жол картасын» іске асыру аясында 2026 жылғы 27 ақпанда «Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» мен Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті жасанды интеллектіні қолдану арқылы сабақ өткізудің әдістемелік галереясын ұйымдастырды.

Іс-шара «Жасанды интеллектіні қолдану арқылы үздік сабақ» облыстық кәсіби шеберлік байқауының қорытындысы бойынша өткізіліп, өңірдің үздік педагогикалық тәжірибелерін таныстыру және таратуға арналған ашық әдістемелік алаңға айналды.

Галерея жұмысы барысында келесі бағыттар бойынша тәжірибеге бағытталған сабақ модельдері ұсынылды: бастауыш білім беру, гуманитарлық пәндер, жаратылыстану-ғылыми циклы, эстетикалық және технологиялық бағыттағы пәндер, математика және информатика, ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушылармен жұмыс, қосымша білім беру.

Спикерлер ретінде байқау жеңімпазы атанған педагогтер сөз сөйлеп, жасанды интеллект құралдарын білім беру үдерісіне тиімді кіріктіру әдістемелерін көрсетті. Баяндамалар аясында төмендегілер ұсынылды:

  • ЖИ қолдана отырып сабақты педагогикалық жобалау алгоритмдері;
    • оқытуды дараландыру және оқу тапсырмаларын бейімдеу мысалдары;
    • білім алушылардың сыни ойлау және талдау дағдыларын қалыптастыру құралдары;
    • қалыптастырушы бағалауда ЖИ қолдану кейстері;
    • цифрлық шешімдер арқылы оқу мотивациясын арттыру тәжірибелері;
    • ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушыларды интеллектуалдық құралдар арқылы сүйемелдеу тәсілдері.

Іс-шара қорытындысы бойынша келесі нәтижелерге қол жеткізілді:

  1. сабақ және сыныптан тыс қызметте жасанды интеллектіні қолданудың үздік тәжірибелері бойынша өңірлік әдістемелік база қалыптастырылды.
  2. облыстың білім беру ұйымдарына әрі қарай қолдану үшін тиімді педагогикалық тәжірибе ұсынылды.
  3. педагогтердің цифрлық құралдар мен жасанды интеллект технологияларын қолдану саласындағы кәсіби құзыреттері кеңейтілді.
  4. оқыту деңгейлері мен бағыттарының ерекшеліктерін ескере отырып, ЖИ енгізудің алдағы қадамдары айқындалды.
  5. облыс мектептері мен жоғары оқу орындары қауымдастығы арасындағы ынтымақтастық кеңейтілді.
  6. тәжірибеге бағытталған семинарлар, шеберлік сыныптары және біліктілікті арттыру курстарын өткізуге қызығушылық білдірілді.

Іс-шара соңында бағыт модераторлары, аудандық және қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері ұсынылған тәжірибелерді кәсіби талқылауға қатысып, секциялар жұмысына қорытынды жасап, білім беру үдерісіне жасанды интеллект технологияларын одан әрі енгізудің стратегиялық бағдарларын белгіледі.

Іс-шараға Шығыс Қазақстан облысы мектептерінің 150 педагогі, аудандық және қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері, университеттің профессор-оқытушылар құрамы және педагогикалық бағыттағы студенттер қатысты.

Әдістемелік галерея Шығыс Қазақстан облысының педагогтері цифрлық құралдарды жай ғана қолданумен шектелмей, жасанды интеллектіні оқу үдерісіне жүйелі және әдістемелік тұрғыда дұрыс енгізуге дайын екенін көрсетті.