«Менің сүйікті кітабым» атты республикалық челленджі өтті

«Менің сүйікті кітабым» атты республикалық челленджі өтті

2026 жылдың 27 ақпанында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі бекіткен «Тоғыз айға 9 іс-шара» атты тұжырымдамасын, «Балалар кітапханасы» бағдарламасын іске асыру мақсатында Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапханасы ҚР Оқу-ағарту министрлігі қолдауымен «Менің сүйікті кітабым» атты республикалық челленджін өткізді.

Челленджге республикамыздың 17 облысы және 3 республикалық маңызы бар қалалардың білім басқармалары мен әдістемелік орталықтарының өкілдері, мектеп педагогтері мен оқушылары қатысты.

Шығыс Қазақстан облысы Ұлытау облысынан Оралхан Бөкейдің «Атау кере» шығармасын оқуды ұсынған челленджін қабыл алды. Челлендж барысында ШҚО ББ «Өскемен қаласындағы «№ 50 жалпы білім беретін мектебі» КММ оқушылары «Атау керей» шығармасын оқып, іс-шараның мазмұнды етуіне зор үлес қосып, ұйымдастырушылар мен қатысушылардың ризашылығын алды.

Шығыс Қазақстан Шымкент облысына М. Жұмабаев өлеңдерін оқуды ұсынып, челленджді тапсырды.